25
октябрь
2018
"25 ән 25 кітап" бағдарламасы
«25 ән, 25 кітап» бағдарламасын ұйымдастырушы, идея авторы мектеп директоры Нусупбеков Екпін Немеребайұлы. «25 ән» бағдарламасының жетекшісі музыка пәнінің мұғалімі Құттыбеков Таңат Жеңісқалиұлы. «25 кітап» бағдарламасының жетекшісі кітапханашы Аманжолова Ардақ Орасқанқызы.
«25 кітап» бағдарламасы бойынша жоспар жасалып бекітілді. Жоспар бойынша 4-9 сынып оқушылары арасында жұмыстар жүргізілді. «25 кітап » бойынша әр сыныпқа 5 кітаптан оқуға тапсырма берілді.
Бағдарламаға 25 кітап таңдап алынып, сол кітаптар бойынша кітапханашы презентациялар жасап, оқушылармен таныстырып отырды. Еліміздің атақты ақын- жазушыларының кітаптары алынды, атап айтар болсақ «Ыбырай Алтынсарин, Жамбыл Жабаев, Мұқағали Мақатаев, Махамбет Өтемісұлы, Бердібек Соқпақбаев, Сапарғали Бегалин, Жұбан Молдағалиев, Антон Чехов, Мұхтар Әуезов, Шәкәрім Құдайбердіұлы, Әбіш Кекілбайұлы, Ғабиден Мұстафин, Қадыр Мырзалиев» тағы басқалары. Осы аталған ақын жазушылардың кітаптарындағы өлең, тақпақтарын, повестері мен романдарын,әңгімелерін, ертегілерін оқушылар оқып шықты. Осы кітаптар бойынша оқушылар «Менің сүйікті кітабім, Менің қиялымдағы Қожа, Балалық шаққа саяхат» тақырыбында эсселер жазды. Кітапханашы оқушылармен пікірлесу, конференция, дөңгелек үстелдер өткізді. Дөңгелек үстелде оқушылар өздеріне берілген кітаптары бойынша оқыған әңгімелерін, ертегілерін айтып өтті. «25 кітаптың» қорытынды байқауында оқушылар кітаптардан жаттаған тақпақтары мен өлеңдерін мәнерлеп оқыды. Арасында өз ойларынан тебірене жазған эсселерін де оқып отырды. Байқау соңында қатысушыларды «Кітапқұмар оқырман», «Білімқұмар оқырман», «Парасатты оқырман», «Болашақ әдебиеттанушы», «Ойлы оқырман», «Талғампаз оқырман», «Лучший оқырман», «Кітапхана белсендісі» деген номинациялар бойынша марапатталды.